Соңғы тәулікте 34 адамнан коронавирус анықталған. Олар - 10 аудан мен Талдықорған қаласының тұрғындары.
Сәйкесінше қалған 7 аудан мен Текелі, Қапшағай қалаларында өткен тәулікте індет жұқтыру тіркелмеген.
Облыста 824 мыңға жуық тұрғын екпенің бірінші компонентін салдырған. Бұл - жалпы екпе алатын халықтың 69 пайызы.
Өңірде вакцинаның бірінші компоненттінің 81 мың, екінші компоненттің 149 мың доза қоры бар.
«Облысқа өткен аптада Pfizer вакцинасының тоңазытқыштары келген болатын. Алдағы уақытта сол вакцинаның 70 мың дозасын күтіп отырмыз. Осы немесе келесі аптада жеткізіледі»,- деді Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет.