Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы салмағы - 51 келі.
Екінші жағдайда, заңсыз өсімдік «бағы» Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан табылды. Полицейлер 54 түп марихуана өсімдігін тәркіледі.
Екі күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізілуде.