Биылғы 6 тамызда Алматы облысы Кербұлақ ауданының соты РГД-5 жауынгерлік гранаталарын және оның тұтатқышын өткізумен айналысқан бір топ адамға қатысты үкім шығарды.
«Топ мүшелері ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі, 361-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын ҚАЖ қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді» делінген хабарламада.
Биылғы мамырда ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатуға қатысы бар көрсетілген топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кескен болатын.