Алматы облысында халық саны 2 миллионға жуықтады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында халық саны 2 миллионға жуықтады. Халық алдында есеп беруде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай мәлім етті.

Есептік жиын тікелей эфирде көрсетілуде. Тұрғындар Алматы облысы əкімінің ресми сайтынан жəне жергілікті «Жетісу» арнасынан есептік жиынды тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына Алматы облысы жақсы нәтижелермен жетті. Облыс халқының саны 300 мыңға жуық өсіп, 2 миллионға  жақындады. Өңірде 8 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, 700-ге жуық əлеуметтік объектілер іске қосылды . Бұл жөнінде өңір басшысы халық алдындағы есебінде атап өтті.