Жиырма шаршы метр аумақты шарпыған өрт 1 сағат 40 минуттан кейін толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
08:13, 20 Қыркүйек 2012
Алматы облысында Халыққа қызмет көрсету орталығының мұрағат бөлімінде өрт болды
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Алматы облысының Есік қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығының мұрағат бөлімінде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.