Аталмыш шараның креативті директоры Алена Лобастованың айтуынша, этнофестивальдің мақсаты -әр адамды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, қоғамда салауаты экологиялық қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады.
"Фестиваль таибиғатты сақтау мен аялауға бей-жай қарамайтын жандарға, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарға арналған. Фестивальдің аумағы 4 аймаққа бөлінген. Этноаймақта қазақстандық және шетелдік кәсіби музыканттардың концерттері, әуесқой музыканттарға арналған шеберлік сыныптар өткізіліп жатса, балаларға арналған аймақта Алматы қаласының балалар орталығының білікті мамандары сурет салу, тоқыма өнері, құмға сурет салудың қыр-сырын балаларға үйретуде. Мұнда сонымен қатар, балаларға арналған әр түрлі байқаулар, қойылымдар ұйымдастырылатын болады. Ата -аналар бұл жерге балаларын қорықпай тастап, өздері әсем әуенді тыңдап, үшінші аймақта йогамен айналысып, психологиялық және шығармашылық аймақтағы қол өнер жұмыстарын жасап үйренетін семинарларға қатыса алады. Бұл төртінші - жасыл аймақта келушілер батик, графика, киіз, керамика және тағы басқа өнер түрлерінен шеберлік сыныптарға қатысып қана қоймай, өз елімізбен қатар, Үндістан, Непал, Қырғызстан, Өзбекстан қол өнер шеберлерінің туындылары қойылған жәрмеңкені тамашалай алады",-деді Алена Лобастова. Оның айтуынша, фестиваль аумағында бірде бір алкогольді ішімдік сусындары, темекі түрлері сатылмайды.
Этнофестиваль тамыздың 7-не дейін жалғасатын болады.