Алматы облысында иіс тиіп уланып үш адам көз жұмды, олардың екеуі - балалар

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында иіс тиіп уланып 3 адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы екі адам ауруханаға түсті,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келеңсіз жағдай Қарасай ауданының Жармұхамбет ауылында кеше кешке орын алды.

Пештегі ақаудың салдарынан 36 жастағы әйел мен 2 және 3 жастағы екі бала иіс тиіп уланып, оқиға орнында көз жұмды. Тағы 30 жастағы әйел мен 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді.