Ескерткіш "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының президенті Кахарман Джазиннің бастамасымен және инвесторлардың көмегімен бой көтерген.
"Бұл 2020 жылы атап өтілетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңындағы тарту",-дейді ШЫХО-ның бас инженері Бақытжан Тастанбеков.
Биіктігі 4 метр болатын ескерткішті аудан әкімі Темірлан Бектасов салтанатты түрде ашып, соңғы қоңырау қарсаңында мектеп бітіруші түлектерге қазақтың ұлы ақыны Абайды оқуға шақырды.