Анастасияның туыстары халықтан оны іздеуге көмек сұрап, БАҚ көмегіне де жүгінген. Тіпті жоғалған қызды белгісіз біреулер қасақана ұстап отыр деп күдіктенген. Себебі, 23 жастағы Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылының тұрғыны 19 қаңтар күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Алайда жас келіншектің үйіне қайтып оралмауына жанжал түрткі болғанын полицейлер анықтады.
«Талғар ауданының полицейлері жоғалған адамды тапты. Қазір 23 жастағы Анастасия Букова жақындарымен кездесті. Әйелдің сөзінше, ол осы уақыт аралығында Талғар қаласындағы танысының үйін паналаған. Ал оның мұндай шешім қабылдауына жолдасы екеуінің арасындағы жанжал себеп болған», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.