Алматы облысында із-түзсіз жоғалған музыкант өлі күйінде табылды
16:28, 02 Маусым 2018
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жоғалып кеткен Назар Мирзаев өлі табылды. Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақпаратты растаймыз. 30 жастағы жігіттің денесі бүгін Іле ауданынан табылды. Қазір аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Марқұмның мəйітінен көзге көрінетіндей дене жарақаты байқалмады», - деп мәлім етті аталған ведомствадан.
Айта кету керек, Назар Мирзаевтың жоғалғандығы жөнінде ақпарат алдымен əлеуметтік желіге таралды. Black&White группасының дыбыс режиссері Назарға 24 мамырдан бастап іздеу салынған болатын. Ол үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Марқұмның мүрдесі 2-ші маусым күні яғни, 9 күннен кейін өзінің үйінің маңынан табылып отыр.