Бұл фактілердің бәрі әртүрлі уақытта тіркелген. Бірақ тұрғындар қан шығарғаннан кейін өздерін нашар сезініп, тәртіп сақшыларына шағымданған. Тексеру барысында дәстүрлі емес діни ағымдағы үш азаматтың заңсыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Олардың мұндай емдік процедурамен айналысуына ешқандай рұқсат қағазы болмаған.
«Жиналған материалдар Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жолданды. Үш азамат ҚР ӘПК 424 бабы бойынша жауапқа тартылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД Баспасөз қызметі.