деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ал «Родон» ЖШС директорының 30 жастағы орынбасарының денесін іздестіру жалғасуда.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қар көшкіні 7 сәуір күні түскі сағат екі жарымда түсті. Оның көлемі 1 млн. текше метр болды.
Соның салдарынан қар астында «Ақ бұлақ» ССК шаңғы патрулінің 43 жастағы бастығы мен «Родон» ЖШС директорының 30 жастағы орынбасары қалып қойды. ТЖМ-ның мәліметінше, олар тыйым салынған жерде шаңғы теуіп, қар көшкінінің жүруіне себепші болған.
Адамдарды іздестірумен ҚР ТЖМ «Республикалық шұғыл-құтқару жасағы» ММ-ның 27 адамы мен 3 техникасы, Талғар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 адамы мен 1 техникасы және Спорттық-сауықтыру кешенінің 10 адамы айналысуда.