Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қардың шамадан тыс көп түсуі мен қар жамылғысының қалың болуына байланысты 19-20 ақпан аралығында Алматы облысының аудандарында қар көшкіні болуы ықтимал.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитеті хабарлайды.

Аталмыш ведомоство қар көшкінінің ықтималдылығына байланысты тұрғындарға биік тау шатқалдарына шықпауға кеңес береді.