Алматы облысында қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тапты
08:47, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Кімасар» асуында болған қар көшкіні екі адамды басып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Кеше, желтоқсанның 27-сі күні сағат 11.30-да көлемі 1500 текше метр, қалыңдығы 1-1,5 метр қар екі адамды басып қалған.
58 жастағы азамат қар астынан өзбетімен шықса, 71 жастағы қарттың денесін сол аймақтағы демалушылар тапқан.