Алматы облысында қар көшкінінен сақтану жөнінде ескерту жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын түсуіне және қар қабатының тұрақсыз болуына байланысты таяудағы тәуліктерде (2-3 сәуір) қар көшкіні болуы қаупі сақталады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Қар көшкініне соқтырмас үшін қия беткейлерге шығуға болмайтыны жөнінде ескерту жасалды, делінген хабарламада.