деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Ведомство баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, қаңтардың 29-ы күні сағат 20.17-де Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне «Талдықорған-Қапал» автожолында автокөліктердің қалып қойғандығы туралы хабар түскен.
Іздестіру жұмыстары барысында 22 сағат 03 минутта автожолдың 6-шы шақырымында жолаушылары бар 27 автокөлік табылып, олар жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына «Ақ сұңқарай» ЖШС-ның екі адамы мен екі техникасы, ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамының 13 адамы және 3 техникасы жұмылдырылды.
«Құтқару жұмыстары кезінде 106 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, қар құрсауынан барлығы 27 автокөлік шығарылды. Құтқарылғандардың арасында үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп анықтады баспасөз қызметінен.