ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облыстық ТЖД-гі жедел-құтқару жасағының (3 адам мен 1 техника) күшімен ішінде адамдар отырған көліктер жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп шығарылып, ол жерден қозғалыстарын жалғастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
08:51, 12 Қаңтар 2013
Алматы облысында қар құрсауынан 9 көлік шығарылып, 14 адам құтқарылды
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданында 2013 жылдың 12 қаңтарында сағат 00:50-де «Кербұлақ-Қоғалы» тас жолындағы қар құрсауында 9 көлік пен 14 адам, соның ішінде 2 бала қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.