деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес өткен сейсенбі, наурыздың 9-ы күні сағат 11.05-те Боралдай әуежайынан ұшып шыққан тікұшақ «Алматы-Өскемен» автожолының 642-ші шақырымында қар құрсауында қалып қойған 2 жүк және 5 жеңіл автокөлікті байқап, олардың ішіндегі 15 адамды қауіпсіз жерге жеткізген. Автокөліктер жолдар тазаланғанша жол бойында қалып отыр. Құтқарылғандардың арасында үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тікұшақ құтқару жұмыстарын әлі де жалғастыра бермек.