Алматы облысында «Қарақұйрық-трофи» веломарофоны өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында 250 шақырымдық «Қарақұйрық-трофи» веломарофоны өз мәресіне жетеді.

 Биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара 29 сәуірде басталған болатын. Жарыс жолы Іле Алатауының шығыс бөлігі арқылы  Сөгеті тауы мен Жалаңаш даласын қамтып отыр. Қазақстан ғана емес көршілес Қырғызстан мен Ресейдің маунтинбайк әуесқойларының басын қосатын бұл дүбірлі додада биыл қатысушылардың тең жартысын шетелдіктер құрап отыр.