Қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесін ұстау операциясын облыстық ҰҚКБ (ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы) Алматы облысындағы Панфилов ауданының ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірігіп өткізді.
Күдіктіні жеке тексеру барысында одан 9 мм. калибрлі 7 оғы бар «Макаров» тапаншасы мен 4 оғы бар «МР-79-9 ТМ» және 2 оғы бар «Стражник» травматикалық қарулары анықталып, алынды.
Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Панфилов АІІБ-не қамауға алынды. Алынған қару арсеналы баллистикалық сараптамаға жіберілді.