Алматы облысында Қазақстан арқылы транзитпен Еуропаға және Ресейге жеткізуге арналған аса ірі көлемдегі героин табылды - ІІМ

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Шеп» бекетінде Алматы қаласының тұрғынынан 10 кг. героин табылды.

Есірткі Қазақстан арқылы транзитпен Еуропаға және Ресейге жеткізуге арналғандығы анықталды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Қ. Жұмановтың айтуынша, бекетте героин есірткісі бар 20 бөтелке арнайы операция өткізу барысында «Субару» автокөлігін қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тінту барысында табылған.