Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қазан күні Іле аудандық полициясына хабарлама түскен. Ол жерде Қосөзен ауылындағы саяжайдың біріндегі үйден ер азаматтың азаптап өлтірілген мүрдесі табылғаны жөнінде айтылған.
«Тергеу кезінде қайтыс болған адамның Жапек батыр ауылының 45 жастағы тұрғыны екені анықталды. 4 күннен кейін жедел іздестіру кезінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан табыс табу үшін келген 38 жастағы екі тұрғын ұсталды. Олар келтірілген дәлелдерден кейін өз кінәларын мойындады»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір екі күдікті адам кісі өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Көрші елдің азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.