Алматы облысында ҚМДБ филиалдары ретінде 388 мешіт тіркелді

None
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысындағы Талдықорған аймағы бойынша филиалының өкіл имамы Жұманәли Аманов облыстық дін істері департаментінің директоры Жұмағұл Әлімбековпен кездесіп, Әділет басқармасында 344 мешіт қайта тіркелуден өткенін, сондай-ақ 44 мешіттің алғаш рет тіркелгені жөнінде хабарлады.

Бұл туралы ҚР Дін істері бойынша агеттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осылайша, Алматы облысының аумағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары ретінде 388 мешіт тіркелді.