Алматы облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 4 пойыздың қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты 4 пойыздың қозғалысы тоқтатылды,

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

№22 Қызылорда-Семей», №325 «Новосібір-Алматы», №21 «Семей-Қызылорда» және №31 «Павлодар -Алматы» пойыздары тоқталды.

Алматы темір жолы бөліімшесінің «Сарыөзек-Үштөбе (Мойынқұм -Көпір өткелі, 1439-1444-шы шақырым) учаскесінде наурыздың 11-інде сағат 02.47-ден бастап темір жол төсемін су шайып кетуіне байланысты пойыздар қозғалысы тоқталды.

1441-ші шақырымда Кіші Биже өзенінің аңғары маңында су бөгеттен жоғары көтеріліп, темір жол желісінің 10-15 метрлік ұзына бойындағы төсемнің астын су шайып, тасқын басты.

Қазіргі уақытта реліс төсемін су басқан жерде 50 адамнан құрылған бригада жұмыс істеуде, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.