Экономикалық тексеру қызметінің мамандары Алматы облысы Іле ауданында автобөлшектер дүкеніне мотор майларын сатып жатқан ҚР азаматын ұстаған.
Ер адамның көлігінде жалпы құны 500 000 теңге болатын 1 және 4 литрлік 154 канистр табылған.
Әрі қарай тергеу барысында қолдан жасалған мотор майлары сақталатын қойма әшкереленді. Мұнда 269 канистр техникалық май бар екен.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 198-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді.