Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
«Жол көлік апаты 23 мамыр күні түнгі сағат 00:10 шамасында болған. Іле ауданындағы Чапай ауылының 18 жастағы тұрғыны «Тойота-Хайлюкс» көлігін жүргізіп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан «Водник – Казцик – Комсомол» жолында «Дэу Нексия»-ға соғылған. Бұл көлікті 22 жастағы азамат тізгіндеген. Оқиға орнында «Дэу Нексияның» 27 жастағы жолаушысы мерт болды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Анықталғандай, 18 жастағы «Тойотаның» жүргізушісі ішімдік ішкен. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1 3 бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр. 18 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.