Оқиға 2 шілдеде, күндізгі сағат бір мен екі шамасында Райымбек ауданында болған. «Кеген-Нарынқол» тас жолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тапты.
«Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған факті Алматы облыстық Анықтау басқармасының өндірісінде», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.