Алматы облысында көлік апатынан 8 адам қайтыс болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болып, 8 адам қайтыс болды деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД Баспасөз қызметінің мəліметінше, жол апаты наурыздың 23-нен  24-іне қараған түні болған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы - Көкпек - Көктал тас жолы бойында болды. Nissan Primera жəне Toyota Vista көлігінің қақтығысынан  8 адам көз жұмды. 2009 жылғы бала аман қалды. Қазір ол ауруханаға жеткізілген. Аталған факті бойынша сот алды тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалған.