Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.
«Көлік апаты Талғар ауданында Панфилов ауылындағы Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында болған. Audi, Volkswagen Golf, Mercedes Sprinter маркалы көліктер соқтығысып, бес адам зардап шекті. Олардың барлығы аурухана жеткізілді. Қазір жол-көлік апатының мән-жайы толық анықталып жатыр», - деді аталған ведомстводан.
Оқиға орнына Талғар ауданының ІІБ полицейлері шұғыл аттанып кетті.