Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Алматы-Есік тас жолында болған. 19 мамыр күні сағат 19:45 те «Ravon Nexia» көлігін тізгіндеген 1993 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Chevrolet Cruze» көлігіне соғылған. Оқиға орнында «Ravon Nexia» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жан тапсырды. «Chevrolet Cruze»-ң де жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Аталған факті ҚР ҚК 345 бабының 4-і бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді.