Қайғылы жағдай 9 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында орын алған. Түнгі сағат 22:48 минутта болған жол-көлік оқиғасын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Көлікті 20 жастағы Есік қаласының тұрғыны тізгіндеген. Ол «Алтын адам« көшесінде жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы азаматшаны қағып кеткен. Әйел алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 3-ші тармағы бойынша сот алды тергеу басталды»,- делінген ведомствоның жауабында.