Алматы облысында көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 2455 жүргізуші ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Жол қозғалысын күнделікті бақылау барысында Алматы облыстық ІІД-нің жол полицясы басқармасының жеке құрамы 2012 жылдың басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 131 054 фактісін анықтады.

Облыстық ІІД ЖПБ-ның бастығы Алпысбай Рахымовтың хабарлауынша, көліктік құралдарды мас күйінде жүргізгені үшін 2455 жүргізуші ұсталды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8 пайызға өсті. 

63 549 жүргізушіге 507 598 841 теңгеге айыппұл салынды. Айыппұлдар 68,4 пайызға төленді. Күштеп төлету үшін сотқа 12 048 іс жіберілді, олардың 19 035 770 теңгесі төлетілді.           

Бұдан басқа, Алматы облыстық ІІД ЖПБ-ның жеке құрамы және оның бөлімшелері қылмыстықпен күрес бойынша белгілі жұмыстар атқарылды. 

Жол полициясының қызметкерлері барлығы 944 қылмысты ашуға қатысты.