Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған екі факті Қарасай ауданында, енді бірі Панфилов ауданында тіркелген.
«Қарасайдағы Береке және Еңбекші ауылдарынан «Фольксваген поло» және «Мазда-626» көліктері, ал Панфилов ауданындағы Шолақай ауылынан «ВАЗ-2107» маркалы машинаны айдап кеткен. Тәртіп сақшылардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктер мен оны айдап кеткен күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.
Іс материалына сәйкес, күдіктінің екеуі 29 және 45 жастағы азаматтар, енді бірі - жас қыз. Сондай-ақ, полиция өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері ұрланған 150 көлік иелеріне қайтарылып, 127 адам жауапкершілікке тартылған.