Оқиға Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында болған. 1 қаңтар күні түнгі сағат 23:00 дер шамасында болған өрт 800 шаршы метр жерді шарпыған.
«Қызыл жалын 00:25 минутта ауыздықталып, 00:45 минутта толық сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде жалын өзге ғимараттарды шарпымады. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеді», -деп мәлім етті Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрт кезінде бекеттің ішінде 4 автокөлік болған.
Өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД-ның 22 қызметкері мен 6 техникасы және Алматы қаласының 6 өрт сөндірушісі мен 2 техникасы жұмылдырылды. Ведомстваның мәліметінше, қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын клемі анықталуда.