Алматы облысында комбайн шетел көлігімен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 19 қарашадан 20-ына қараған түнде Сарыөзек ауылының маңында «Алматы-Қорғас» күре жолында комбайн мен «Фольксваген Пассат» көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан шетел көлігінің жүргізушісі, әйел мен ер адам - екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Бір әйел түрлі жарақаттармен Сарыөзек ауылының ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала нұсқа бойынша, полицейлер мән-жайды зерделеу барысында апатқа себеп болған 56 жастағы комбайнның жүргізушісі екенін анықтады, ол рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір іс облыстық ІІД тергеу басқармасына өндіріске жіберілді.

Апат фактісі бойынша қажетті сараптама тағайындалды.

Комбайн жүргізушісіне қатысты «елден сыртқа шықпау туралы қолхатпен» бұлтартпау шаралары қабылданды.