Ноутбук Қарасай аудандық ауруханасының көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған мейірбике, фельдшер және санитарларға берілді.
«Ноутбуктер әлеуметтік жағдайы төмен, үйінде көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді. Қазіргі пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқып жатқаны белгілі. Сондықтан Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев университетінің аурухана қызметкерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз», - деді аталған аурухананың директорының орынбасары Марат Ақылбеков.