Алматы облысында коронавирус қарсы 1 млн астам адам егілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус 11 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 5 наурызындағы жағдай бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 69 485 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 52 899 жағдай симптомдарымен.

Облыс бойынша коронавирус жұқтырудың арту қарқыны соңғы 2 аптада 0,1%-дан (19.02-25.02) 0,02% - ға дейін (26.02-04.03) төмендеді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, облыста алгоритмге сәйкес халықты вакциналау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Тұрғындар үшін 318 медициналық, 76 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен бар.

5 наурыздағы статистика бойынша облыста І компонентпен 1 005 026 мың адам немесе 83,8% егілді. ІІ компонентпен 907 891 мың адам немесе 75,7% вакцина салдырды.