22 қазандағы жағдай бойынша облыста КВИ 54 386 зертханалық расталған жағдай тіркелген, оның ішінде 40 281 симптомдарымен. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2 544,5 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3% - дан 0,2% - ға дейін төмендеді.
«Соңғы тәулікте КВИ 89 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 79 симптомдық және 10 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 89 жағдайдың 22-сі 14 жасқа дейінгі балалар»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның хабарламасына сәйкес, аудандардағы КВИ жағдайы төмендегідей: Алакөл-6, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-13, Ескелді-3, Жамбыл-6, Қарасай-8, Қаратал-8, Панфилов-9, Сарқан-3, Талғар–7, Талдықорған–17, Текелі-6, Қапшағай қаласы-1. Жалпы індет басталғалы Алматы облысында 54 386 адамнан коронавирус зертханалық тексеру бойынша расталған.