Алматы облысында коронавируспен ауырған 879 адам стационарда емделіп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 49 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 9 жағдай, Алакөл және Талғар аудандарында 6, Ұйғыр ауданында – 5, Панфилов ауданында – 4, Еңбекшіқазақ, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында 3 жағдайдан, Ақсу, Жамбыл және Сарқан аудандарында 2 жағдайдан, Кербұлақ, Қарасай, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 125 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«18 қарашадағы жағдай бойынша өңірде 879 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 77 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны - 1 895. Төсек-орын жүктемесі – 46,3 %. Соңғы 3 күнде 7147 адамның сынамалары ПТР зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысында коронавирус вакцинасының 1-ші компонентін алғандар саны – 840 981. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1 802. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 765 805. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2 015 адам.