Еске салсақ, 1952 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны ауруханаға 30 наурыз күні түскен болатын. Осы пациентпен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы анықталып, дәрігерлер бақылауына алынған. 14 сәуірде сырқаттан қайта алынған вирусологиялық анализ қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Қазір пациенттің жағдайы жақсы, шағымы жоқ.
Айта кетейік, Алматы облысында COVID19 инфекциясынан жазылып шыққан адам саны 6-ға жетті.