Алматы облысында қорымға қорлық жасағандар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қорымға қастандық жасағандар анықталды, 5 жеткіншек күдікті ретінде ұсталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 сәуірде Жамбыл ауданындағы Қасымбек ауылының тұрғындары 13 бейітті бұзған бұзақыларға шара қолдану туралы арыз түсірген. Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлерінің шұғыл әрекетінен кейін кәмелетке толмаған 5 жасөспірім қолға түсті. Бәрі де 13-15 жас аралығындағы жеткіншектер. Бір мектепте оқитыны расталып отыр. Мектеп  басшылығы аталған жағдайға байланысты ескертілді.

ІІД қызметкерлері өндірісті 294-баптан, яғни "Вандализмнен" 314-бапқа - "Жергілікті жерлеуге зиян келтіру" деп өзгертті. Тергеу амалдары жалғасуда.