Мұнда құбыр, терезе мен есіктер шығарылады. Қуаттылығы жылына 3000 тонна. Германияның заманауи құрылғыларымен қамтылған зауыт болашақта тауарды елімізден өзге Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттеріне өткізуді жоспарлап отыр. Ал жаңа кәсіпорында 90-ға жуық адам жұмысқа орналасты.
Сондай ақ Талғар қаласында ірі сауда орталығы ашылды. Аумағы 3800 шаршы метр. 6 қабатты ғимаратта тұрмысқа қажетті техника, киімдер мен азық-түлік дүкені қарастырылған. Жалпы, Талғар ауданында 9000-ға жуық кәсіпкер бар. Олар өз қаражаттарына халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, өңіріміздің экономикалық әлеуетін жақсартуға атсалысып келеді. Биылдың өзінде бұл аймақта 4 ірі кәсіпорын іске қосылған.