Алматы облысында Көші-қон жөніндегі комитет департаментіне жаңа директор тағайындалды
14:11, 05 Қаңтар 2010
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен бүгін комитеттің Алматы облысы бойынша департаментінің директорлығына Жұмағали Әлібаев тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жұмағали Әлібаев бұған дейін Сарқан ауданы әкімінің орынбасары болған.