Алматы облысында құрылыс алаңында мұнаралы кран құлады, бір адам қаза болды

АСТАНА. Тамыздың 4-і.  ҚазАқпарат -  Алматы  облысының Қаскелең  қаласында     құрылыс алаңында   төтенше оқиға     орын  алды.   «QTZ-80» мұнаралы краны    құлап  кетіп,  оқиға салдарынан    адам өлімі  болды,

деп    хабарлады   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оқиға     дүйсенбі күні сағат 16.20-да  болды.  Кранның  қарсы күші    құлап бара жатып,   «КамАЗ» көлігінің    тіркемесін басып   қалады да, жүк көлігінің   қасында      жүрген    шебердің 18 жасар көмекшісі оқиға  орнында  көз   жұмады,  ал  кранның  29 жастағы машинисті     ауруханаға түседі.