11 ақпан күні таңсәріде облыс бойынша ТЖД-ның кезекші бөліміне Керібұлақ ауданы «Сарыөзек-Қорғас» автожолының 16-шы шақырымында 45 автокөлік (40 жеңіл және 5 жүк көлігі) пен 125 адам қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабар түсті.
Осы күні түстен кейін Алакөл ауданы «Алматы-Өскемен» күре жолының 571-ші шақырымында 4 техника (3 жеңіл және 1 жүк көлігі) мен 6 адам қалып қойғандығы жөнінде тағы бір қоңырау шалынды.
Құтқару жұмыстары барысында барлық көлік құралдары жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.