Алматы облысында қысқа арналған 400 тонна шөп өртеніп кетті

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облысындағы Қазатком ауылында қысқа дайындалған 400 тонна шөп өртеніп кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт кеше шамамен сағат 18.50-де басталған. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қазатком ауылында қысқы мерзімге дайындалған шөптің 400 тоннасы күлге айналды. Өрт түнгі сағат 01.00 шамасында ауыздықталды. Зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ.