Алматы облысында лашықта тұрып жатқан отбасыға көмек көрсетіледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Жамбыл ауданының Қайназар ауылында лашықта тұрып жатқан отбасыға әкімдік жан-жақты көмек көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл ауданыәкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарығы тартылмаған лашықты пана еткенотбасыға әкімдік жан-жақты көмек көрсетіп, жалға пәтер алып бермек.

«ӨзбекстанРеспубликасынан 2001 жылы көшіп келген Құндыз Қуанышбаева мен Қайрат Пауенов 7,5, 3,1 жастағы балаларымен ата-аналарының үйінде тұрып жатқан. Балалардың анасықалалық ауруханада еден жуады, ал әкесі уақытша жұмыссыз. Отбасы ай сайын 105 мыңтеңге атаулы әлеуметтік көмек, 69 мың теңге мүгедек жәрдемақысын алады. Жалпыотбасының айлық кірісі 235 мың теңгені құрайды. Осыдан екі ай бұрын несие алып,450 мың теңгеге жер телімін сатып алып, үй құрылысын бастаған еді. Қазірқабырғасын тұрғызып, шатырын жабу жұмысына жүргізіліп жатыр. Үй салып жатқанжерден 100 метр қашықтықта жас отбасының әке-шешесі зәулім үйде тұрады. Құрылысжұмыстарын бастамас бұрын олар сол үйде тұрған», - делінген аталғанведомствоның таратқан ақпаратында.

Бүгін таңғы сағат9:00-де аудан әкімшілігінен арнайы құрылған топ, Қарасу ауылдық округініңәкімі Асхат Өтеповпен бірге аталған отбасына барып жағдайды біліп қайтты. Жасотбасының өтініші бойынша отағасы Қайрат Пауеновқа жұмыс тауып беру және үйдіңқұрылыс жұмысына материалдық көмек көрсетуге ауыл әкімі уәде берген.

Айта кетейік,көпбалалы отбасының жұпыны тұрмысы әлеуметтік желіге жарияланған болатын.