Алматы облысында лай көшкіні салдарынан екіқабатты үй құлады

АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Монтажник» бау-бақша қоғамында кеше, тамыздың 21-і күні сағат 17.40-та төтенше оқиға орын алды.Су құбырынан аққан судың топыраққа сіңуінің салдарынан лай көшкіні болды,

  деп   хабарлайды   Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Осының  нәтижесінде    екіқабатты   тұрғын үй   зардап  шеккен.  Оқиға  кезінде     үйде  4 адам  болған,  олардың  екеуі    құтқарылды.   Қалған  екі адам - 62   жастағы әйел мен 22 жастағы  жігіт, алдын-ала мәліметтер  бойынша,     үйінді мен лайдың астында қалып  қойған.  Көшкін  лайдың  көлемі    шамамен 200 текшеметрді  құрайды.

Тамыздың 22-сі  сағат 03.58-дегі жағдай  бойынша,   әйелдің  денесі  табылды.  Екінші адамның  денесі әлі іздестірілуде.