Оқиға Қарасай ауданында болған. 30 жастағы алматылық Қосөзен кентінде «Тойота Сюрф» автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап әкеткенін айтып, шағымданған. Полицейлер жол талғамайтын көлікті тапты. Оны ішімдік ішкен әйел тізгіндеген.
«41 жастағы Талғар ауданының тұрғынына көлік ұрлады деген күдік келтіруде. Ол қонаққа келіп, көшеге шыққан соң тұрақта тұрған жол талғамайтын көлікті байқап қалған. Көліктің есігі ашық тұрған және оталып тұрған. Әйел мас күйінде рульге отырып, Алматыға жол тартқан. Оның не себепті бұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Мас күйдегі әйел түнде Қарасай ауданынан Алматы қаласына бармақшы болады. Осы мақсатта көрші үйдің ауласында тұрақта тұрған көлікті айдап әкеткен. Полицейлер 30 минуттың ішінде ұрыны ұстады, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұдан бөлек, күдіктінің жүргізуші куәлігі болғандықтан, оны мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартпақшы.