Оқиға Талғар ауданындағы Қызыл Қайрат ауылындағы дәмханалардың бірінде болған. Дәл осы жерден соққыға жығылған азаматты ауыр халде ауруханаға жеткізген.
«Зардап шегуші есін жимастан ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда екі күдікті ұсталды. ҚР ҚК 106 бабы 3-ші бөлігі бойынша іс қозғалды», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Анықталғандай, күдіктілер бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Аталған факті бойынша тергеуді Талғар ауданының ІІБ мамандары жүргізуде. Қазіргі таңда, осы оқиға орай қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ал 1994 жылғы екі азамат қамауға алынды.